Испания маска режимін қайтарды

Тұмау мен коронавирус ауруының өсуіне байланысты ауруханалар бетперде режиміне көшті. Жаңа ереже медицина қызметкерлері мен Испаниядағы ауруханаларға келушілерге қатысты. “Алайда бұл талап жеке клиникаларға, дәріханалар мен стоматологияларға қолданылмайды. Олар бетпердені өз қалауы бойынша тағады”, – деді денсаулық сақтау министрі Моника Гарсиа. Жаңа шара екі аптаға созылады. Науқастар саны айтарлықтай төмендей бастағаннан кейін маска режимі жойылады.