Желтоқсаншылар енді қоғамдық көлікте тегін жүреді

Оларға біржолғы төлем 150 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін ұлғайды. Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов осылай деді. “Бұл көмекті желтоқсан оқиғасына қатысқан 700-ге жуық адам алды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды (444 млн теңге көлемінде) қосымша әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз ету жоспарланып жатыр”,- деді қалалық басқарма басшысы.