Былтыр қазан айында Бишімбаев пен Нүкенова екеуі бір ажырасқан. Прокурор сол кезеңде екеуінің ұялы телефон арқылы қандай уақытта сөйлескенін, не деп жазысқанын туралы айтып берді. Хат-хабарлардың кейбірі жойылған. Адвокат Жанна Оразбахова Бишімбаев Салтанаттың телефонының құпия сөзін білген және кейбір фотосуретті өшіріп тастағанын нақтылады. Айта кетейік, сәрсенбі күні Бишімбаев Нүкенованың қалай қаза болғанын айтып берген болатын.