Түркияда трансұлттық қылмыстық топ құрды деген күдікпен екі қазақстандық ұсталды

Олар Стамбул қаласынан Алматы қаласына этаппен жіберілді. Күдіктілер аса ірі мөлшерде алтынның экономикалық контрабандасын, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық жасады деген күдікпен Тергеу изоляторына қамалды. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.