Еліміздегі жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларының 31 әуе кемесі тексерілді. Оның ішінде 7 әуе кемесінің талапқа сай емес екені анықталды. Оларды пайдалану уақытша тоқтатылды. Жоспардан тыс тексеруді Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізді. Азаматтық авиация комитеті осылай деп хабарлайды. Талаптарды бұзған операторлар заңда көзделген жауапкершілікке тартылады.
