Катардағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Катардағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев осылай деп мәлімдеді. Бүгінгі таңда Катарда шамамен 1,5 мың Қазақстан азаматы бар. Бақаевтың айтуынша, қазақстандықтардың арасында жалпы 516 адам консулдық есепте тұр. Дипломаттар олармен үнемі байланыста.