Сотталған экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Сотталған экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды. Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы оған қатысты 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешімді күшінде қалдырды. Сәкен Мамашқа жұбайы Карина Мамашты азаптау, яғни жүйелі түрде ұрып-соғу арқылы физикалық және психологиялық зардап келтіру айыбы тағылды. Естеріңізге сала кетейін, 2024 жылдың мамыр айында БАӘ-де дипломат болған Сәкен Мамаштың жұбайы Карина Мамаш бейнеүндеу жазып, күйеуінің 10 жыл бойы жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткенін мәлімдеп, мемлекеттен көмек сұраған еді. Осыдан кейін Сәкен Мамаш шұғыл түрде Қазақстанға қайтарылды.