Алматыда Backstreet Boys концертіне дайындық қызу жүріп жатыр

Алматыда Backstreet Boys концертіне дайындық қызу жүріп жатыр. 19 қыркүйекте өтетін ірі іс-шараға шамамен 27 мың көрермен жиналады деп болжанып отыр. Бүгінде мегаполис “А” санатындағы концерттер өтетін алаңға айналып келеді. Қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбековтің айтуынша, “Абай даңғылы уақытша жабылады, көлік кептелісінің алдын алу үшін арнайы “змейка” түріндегі турникеттер қойылады. Онымен қоса, алыпсатарлық пен заңсыз акцияларға қарсы күрес шаралары күшейтіледі. Концертке 150 ерікті тартылады. 18 жастан асқандар ғана ерікті бала алады. Олардың әрқайсысына тегін тамақтану талондары беріледі. Концерт кезінде тәртіпті полиция қызметкерлері, ұлттық гвардия әскері және күзетшілер қадағалайды.