Алматы қаласында «Қайрат» матчына байланысты метро жұмысы ұзартылды. Бүгін метро түнгі сағат 01:00–ге дейін жұмыс істейді. Қала әкімдігі осылай деп хабарлайды. Естеріңізге сала кетейік, бүгін қазақстандық «Қайрат» және Испанияның «Реал Мадрид» матчы 21:45–те УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында Орталық стадионда өтеді.
