Алматыға «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчына 5 мыңнан аса турист келді

Алматыға «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчына 5 мыңнан аса турист келді. «e-Qonaq» ақпараттық жүйесінің деректері осыны көрсетіп отыр,- деп хабарлайды қалалық Туризм басқармасы. Негізгі туристер легі Қытай, Үндістан, Ресей, Қазақстанның басқа облыстарынан, сондай-ақ Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД және өзге де Еуропа мемлекеттерінен келген. Mastercard компаниясының мәліметінше, Алматыға келген шетелдік туристің орташа шығыны шамамен 1 500 АҚШ долларына жетеді. Бұл қызмет көрсету саласын жандандырады әрі қала экономикасына мультипликативті әсер етеді,— делінген хабарламада.