Digital Bridge – маңызды пікір алмасу алаңына айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумның пленарлық отырысында осылай деді. «Бұл жерде жаһандық өзгерістер мен цифрлық экономиканың болашағы туралы өзекті ойлар айтылып, маңызды бастамалар көтеріледі. Осы уақыт ішінде форум жұмысына 67 мыңнан астам адам, 500-ден аса ІТ-компания және 100 елдің өкілі қатысты. Қазақстан Еуразиядағы негізгі цифрлық хаб ретінде алдағы уақытта да осы маңызды жұмысты жалғастыра береді», — деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
