Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық форумның атауын өзгертуді ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық форумның атауын өзгертуді ұсынды. «Жасанды интеллект – қазіргі заманның ақиқаты. Алдағы жылдары да адамзат дамуының негізгі бағдары жасанды интеллектіге тікелей байланысты болатыны анық. Сондықтан келер жылдан бастап форумды AI Bridge деп атаған жөн деп санаймын. Бірақ форумның мақсат-міндеті өзгермейді. Осы бірегей алаң технология саласындағы алпауыттар мен түрлі стартап, бизнес пен ғылым, мемлекет пен азаматтар арасындағы дәнекер болып қала береді», – деді Тоқаев Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2025 форумының пленарлық отырысында.