Мектептерде бейіндік сыныптар ашылады. Аталған сыныптар 9, 10, 11-сынып оқушыларына нақты мамандық таңдауға көмектеседі. Бейіндік сыныптардың бағытын оқу жылы ішінде екі рет өзгертуге болады деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі. Ведомство мәліметінше, жұмысшы мамандықтары жылында орта білім беру ұйымдарында 1000 бейіндік сынып құрылады. Осы ретте 31 000-нан аса оқушы кәсіби дағдымен қамтылады. Мақсат — мектеп оқушыларының еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына ерте бейімдеу және техникалық-кәсіптік білімге қызығушылығын арттыру.
