Иранда хиджаб тағуды міндеттейтін заң ресми түрде күшін жойды

Иранда хиджаб тағуды міндеттейтін заң ресми түрде күшін жойды. Мұны Иранның Мақсаттылықты тексеру кеңесінің мүшесі Мохаммадреза Бахонер мәлімдеді. “Құқықтық және заңдық тұрғыдан алғанда, хиджаб туралы заң жобасы енді орындалуға жатпайды. Иранда хиджаб тағу енді заң жүзінде міндетті емес, және бұл үшін ешқандай айыппұл, жаза немесе құқықтық салдар болмайды. Мұны полицияға да айтыңдар!” – делінген Мохаммадреза Бахонер жазбасында. Айта кетейік, Иран тарихында алғаш рет, хиджаб тағу әрбір әйелдің жеке таңдауы ретінде танылып отыр.