2026 жылдан бастап қазақстандықтар электрондық денсаулық паспорттарын толық пайдалана алады

2026 жылдан бастап қазақстандықтар электрондық денсаулық паспорттарын толық пайдалана алады. Бұл жүйе медициналық деректердің бірыңғай сақтау қоймасына негізделеді. Жасанды интеллект инсульт, өкпе мен сүт безі обырын, пневмонияны анықтауда КТ, МРТ және рентген талдауына қолданылып жатыр. Цифрландыру дәрігерлердің жұмыс жүктемесін 40%-ке азайтып, медициналық қызметтерді артық тұтынуды 6,7 млрд теңгеге қысқартқан. Жүйе дәрігерді алмастырмай, оның жұмысын жеңілдетуге бағытталған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.