Қарағандыда құрылыс компаниясының басшысы 50-ден астам үлескерді алдап, 1,8 миллиард теңгеден астам залал келтіргені үшін 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ол уәкілетті органның рұқсатынсыз “Алтын” тұрғын үй кешенін салу үшін азаматтардан ақша жинап, құрылысты бастамаған. Сондай-ақ пәтер сатамын деген желеумен бірнеше адамды алдап, қаражатты қайтармаған. Тағы бір жобаның аясында 1 миллиард теңгеге жуық инвестицияны иемденгені белгілі болды. Айыпталушы кінәсін мойындамағанымен, сот оны кінәлі деп таныды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
