Талдықорғанда туған қызын зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 15 жастағы жеткіншекке азғындық жасаған ер адамға сот осындай үкім шығарды. Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Бақыт Ермахановтың хабарлауынша, қаскөйге химиялық кастрация жасалады. Жантүршігерлік қылмысты жәбірленушінің анасы көріп қалған. Қыз әкесінен 7 жылдан бері қорлық көргенін анасына жайып салған. 39 жастағы ер адамның тұңғышына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасағаны сотта дәлелденді.
