Астанада науқастарды алдаған дәрігер сотталды

Астанада науқастарды алдаған дәрігер сотталды. Ол 6 науқасты мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп алдаған. Мұндай заңсыз қызмет ұсынған алаяқ дәрігер науқастардан алған 4 млн теңгеден аса қаражатты қалтасына басқан. “Айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Ол бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Материалдық шығын өндірілді”, – деп жазылған хабарламада. Үкім заңды күшіне енді.