Қазақстанда Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа бапқа сәйкес, адамды еркінен тыс некеге тұрғызу немесе бірге тұру мақсатында ұрлау — ауыр қылмыс деп танылды. Енді мұндай әрекет үшін жеті жылға дейін, ал ауыр жағдайларда он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұрынғыдай жәбірленушіні босатқан жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босату нормасы алынып тасталды.
Заң күшіне енгеннен кейін Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында жеті іс тіркеліп, 15 адам ұсталды. Барлық дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
