Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2022 жылдан бері шаруаларға берілмеген субсидиялар толық өтелетінін мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2022 жылдан бері шаруаларға берілмеген субсидиялар толық өтелетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, республика бойынша жалпы берешек көлемі 340 млрд теңгені құрайды. Ең ірі қарыз Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында тіркелген.

Министрдің сөзінше, қаражат қараша-желтоқсан айларында үнемделсе, биыл өтеледі, ал қалған бөлігі келесі жылдың қаңтар-ақпан айларында төленеді. Биылдың өзінде өңірлерге қосымша 57 млрд теңге бөлінген.

2024 жылдан бастап субсидияның орнына несие беру жүйесі енгізілді.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.