Келер жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы жарналарын төлеу тәртібі өзгереді.

Келер жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы жарналарын төлеу тәртібі өзгереді. Үкімет міндетті және кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу мен аударудың жаңа ережелерін бекітті.

Түзетулерге сәйкес, енді кәсіптік зейнетақы жарналары қызметкердің ай сайынғы табысының барлық түрінен, яғни Салық кодексінде көзделген кірістер негізінде есептеледі. Алайда салық салудан босатылған төлемдер бұл есепке кірмейді.

«Өзгерістер өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға, жеке кәсіпкерлерге және интернет-платформалар арқылы табыс табатын тұлғаларға да қатысты. Олар үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жарналарды есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін аудару тәртібі мен мерзімі белгіленді», — делінген құжатта.