Медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін жаза қатаңдатылады.
Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарастырып жатыр. Бұл маңызды құжат дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жазда Қостанайда дәрігерге қол көтерген азамат екі айға қамауға алынған болатын.
