Қазақстанда бір палаталы парламент құру жұмысы басталды.

Қазақстанда бір палаталы парламент құру жұмысы басталды. Бұл — соңғы жылдардағы ең маңызды реформалардың бірі.

Қазіргі таңда парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобына Ерлан Қарин жетекшілік етеді. Мемлекеттік кеңесші президентке жұмыс тобының аралық нәтижелері туралы баяндады.

Оның айтуынша, e-Otinish мемлекеттік платформасы мен Egov сервисінде «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі іске қосылғаннан бері бір ай ішінде азаматтар мен қоғам белсенділерінен 300-ге жуық ұсыныс түскен.

«Қазір барлық ұсынысты талдау және жүйелеу жұмысы қолға алынды. Жұмыс тобының екінші отырысын биыл 2 желтоқсанда өткізу жоспарланған. Жиында ұсыныстар жекелеген бағыттар бойынша жан-жақты қарастырылады», – делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы келіп түскен барлық бастаманы жан-жақты қарауды және парламенттік жүйені жаңғырту бойынша нақты ұсынымдар әзірлеуді тапсырды.