Келер жылы халықтың шамадан тыс несие алуын шектейтін құрал іске қосылады.

Келер жылы халықтың шамадан тыс несие алуын шектейтін құрал іске қосылады.

Бұл құрал халықаралық тәжірибеде қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалап, олардың жалпы берешегін шектеуде кеңінен қолданылады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Оның айтуынша, келесі жылдан бастап банктердің табысына сараланған салық салу енгізіледі. Бөлшек кредиттеуден түсетін кіріс бойынша корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі 25%, ал бизнесті кредиттеу бойынша мөлшерлеме 20% болады.