Қазақстанда автолизинг бағдарламасы әзірленіп жатыр.
Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков мәлімдеді. 10 қарашада ішкі сауда қағидалары күшіне енді. Бұл автолизинг арқылы жаңа көлік құралдарын рәсімдеуге мүмкіндік берді.
Азаматтық заңнамаға сәйкес, жеке тұлғалар үшін де, топтық рәсімдер үшін де, тіпті қайтару қажеттілігі туған жағдайда да барлық процедура интернет форматында жүзеге асырылады.
Коммерциялық шарттар мен мөлшерлемелер жеке тәртіппен белгіленеді. Сол себепті әрбір автосалон өз талаптарын ұсынады, — деп нақтылады вице-министр.
Айта кетейік, көлік құралдарын қаржыландыру мәселесі тиісті ведомствоның құзыретіне жатады.
