Алматыда қарызы бар көліктерге шектеу енгізіле бастады.
Бүгінде жүргізушілердің көлік салығы бойынша қарызы 4,5 млрд теңгеге жеткен. Ведомствоның мәліметінше, негізгі қарыз көлемді қозғалтқышы бар, 4 литрден жоғары автокөлік иелеріне тиесілі.
Қарызын төлемегендерді анықтауға полиция мен жеке сот орындаушылары кірісті. Жеке сот орындаушыларының қаулысы бар борышкерлердің автокөліктері «Сергек» камералары арқылы анықталып, қарыз толық өтелгенге дейін айыптұраққа қойылады, – дейді Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті.
Айта кетейік, елімізде әрбір автокөлік иесі көлік салығын уақтылы төлеуге міндетті. Бұл талап орындалмаған жағдайда мемлекет шоттарды бұғаттау, өсімпұл есептеу, тіпті кей жағдайларда елден шығуға тыйым салуы мүмкін.
