Астана, Алматы және Шымкент қалаларында үш қоқыс өртейтін зауыт салу жоспарланып отыр

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында үш қоқыс өртейтін зауыт салу жоспарланып отыр.

Ол үшін инвесторлар тиісті келісімге қол қойды. Биыл инвестицияның жалпы көлемі 293 млрд теңгені құрайды. Құрылыс мерзімі – екі жыл, деп нақтылады Ж. Әлиев Үкімет отырысында.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес, «Жасыл даму» ұйымына қалдықтарды басқарудың Ұлттық орталығы мәртебесін беру көзделіп отыр. Ұлттық орталық саланы цифрландыру, сенімді статистиканы қалыптастыру, қалдықтардың қозғалысын бақылау және бизнес пен инвесторлар үшін ашықтықты қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейді.

Бұл қалдықтарды басқарудың заманауи, стандартталған және тиімді жүйесіне көшу үшін қажет.