Елімізде тұтынушылық кредиттерге қатысты жаңа талаптар күшіне енді.
Қарашаның 24-інен бастап төлем мерзімін банк кредиті бойынша 30 күнге, микрокредит бойынша 1 күнге кешіктіргендерге жаңа кредит берілмейді.
Жаңа ережеге сәйкес, банктер кредит алғысы келетіндердің қарыз жүктемесін бағалайды. Қарыз жүктемесінің коэффициенті – кредит төлеуге кететін табыстың бір бөлігі. Оның шекті көлемі 0,5-ке тең.
“Бұл дегеніміз, қарыз алушының ай сайын барлық кредит бойынша жұмсайтын табысы 50 пайыздан аспауы қажет. Мысалы, бір айлық жалақыңыздың көлемі 300 000 теңге болса, кредит жүктемесі 150 000 теңге болады”, – дейді мамандар.
