Бүгін, қарашаның 26-сы күні, Шымбұлақ тау курортында қысқы маусым техникалық түрде ашылады

Бүгін, қарашаның 26-сы күні, Шымбұлақ тау курортында қысқы маусым техникалық түрде ашылады.

Келушілер үшін Сол жақ Талғар, сондай-ақ жаңадан бастаушыларға арналған «Ақ қонжық», «Жылан» және «Ақ барыс» трассалары ашық болады. Бұл туралы курорттың баспасөз қызметі хабарлады.

Шымбұлақ станциясында келушілер заттарын күнделікті сақтай алатын арнайы ұяшықтар жұмыс істейді.