Әлемдегі ең таза қала деп Краков шаһары танылды.
Бұл қорытынды кейінгі 12 айдағы 70 мыңнан астам шынайы онлайн-пікірге негізделген. Әр қалаға ең үздік 10 көрікті орын бойынша баға берілген. Польшаның оңтүстігіндегі Краков туристер үшін ең жайлы қала ретінде танылды. Мұндай шешімді Radical Storage атты багаж сақтау компаниясының сарапшылары қабылдаған.
Ал Венгрияның астанасы Будапешт ең лас қала деп аталды. Айта кетейік, мамандар рейтинг жасау барысында Euromonitor зерттеу компаниясының нұсқасы бойынша үздік 100 бағытқа кіретін қалаларға талдау жүргізген.
