Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енгізілді.
Кәсіпқой боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Геннадий Головкин орта салмақта WBA, IBF және WBC тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін ұзақ жылдар бойы абыроймен қорғап келген. Головкин рингке соңғы рет 2022 жылы шыққан еді. Биыл ол «аңыздар» тізіміне лайық деп танылды. Мұндай марапатқа ие болған алғашқы қазақстандық атанды.
Айта кетейік, Геннадий Головкин әуесқой бокста 350 жекпе-жек өткізіп, оның 345-інде жеңіске жеткен. Кәсіпқой рингте 45 рет жұдырықтасып, 42 мәрте айқын басымдықпен жеңіске жетті. Оның 37-сінде нокаут тіркелді.
Халықаралық бокс Даңқ залы мен мұражайы АҚШ-тың Нью-Йорк штатында орналасқан. Мұнда бокс тарихындағы ең үздік спортшылардың есімдері енгізіліп, мәңгі сақталады.
