Павлодарда жасанды интеллект 13 жастағы балаға жасалған зорлықты әшкереледі

Павлодарда жасанды интеллект 13 жастағы балаға жасалған зорлықты әшкереледі.

Ақылды жүйені облыстық прокуратура іске қосқан. Жасанды интеллект жүйесі психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған мамандандырылған орталық қызметкерінің әрекетін таспаға түсіріп, дабыл қаққан. Бейнежазбада орталықтың күзетшісі баланы ұрып-соққаны анық көрінеді.

Осы деректер негізінде полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы («Соғу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл — «Зорлық-зомбылыққа қарсы жасанды интеллект» жобасы аясында тіркелген екінші қылмыс.