Қазақстанның тұңғыш бас мүфтиі өмірден озды.
Рәтбек қажы Нысанбайұлы мүфтиятты 2000 жылға дейін басқарды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Наурызбай қажы Тағанұлының көңіл айту жедел хатын жариялады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іргетасын қалаған Рәтбек Нысанбайұлының кезінде 30-дан астам мешіт салынды. Мұсылман мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатылып, ынтымақтастық артты.
«Халықтың діни сауатын ашуға ден қойды. Рәтбек қажы ақсақалдың мүфтилік кезеңі “алғашқы сауат ашу кезеңі” деп аталды. Ұстазымыз бойындағы бар күш-қайратын шәкірт тәрбиелеуге арнады. Өзінен кейінгі шәкірттеріне әрқашан ағалық кеңесін айтып, жанашырлық танытты», — деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.
