Елімізде жекеменшік мектептерге қойылатын талаптар күшейтіледі

Елімізде жекеменшік мектептерге қойылатын талаптар күшейтіледі.

Білім министрлігі енді жеке мектептерге лицензияны оқушы орындары жетіспейтін өңірлерге ғана береді. Білім министрі Жұлдыз Сүлейменова осылай деп хабарлады.

Лицензиялар тек үш ауысымды немесе апатты жағдайдағы мектептерді алмастыру қажет болған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік мектептері жетіспейтін өңірлерде беріледі.

Сонымен қатар заңнама аясында жеке мектептердің құрылтайшыларына қойылатын талаптар да күшейтіледі. Қазір Қазақстанда лицензиясы бар 890 жекеменшік мектеп жұмыс істейді.

Үкімет жаңа ашылатын жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырыс орналастыруға мораторий енгізуді жоспарлап отыр.