V Ұлттық құрылтайда кәсіпкерлікке жеңілдетілген несие жүйесін енгізу ұсынылды

V Ұлттық құрылтайда кәсіпкерлікке жеңілдетілген несие жүйесін енгізу ұсынылды.

«Қазір банктер кәсіпкерлікке несие беру кезінде 25 пайыздық мөлшерлеме қолданады. Бұл кәсіпкерлер үшін қолайсыз және бизнесті дамыту мүмкіндігін шектейді. Сол себепті кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жеңілдетілген несие жүйесін енгізу керек деп есептеймін», — деді Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.

Депутаттың айтуынша, мұны даму институттары мен банктердің қаражатын үйлестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар мемлекет тарапынан бизнесті қолдауға бөлінетін қаражат пен берілетін жеңілдіктердің тиімділігіне, олардың экономикаға әсеріне жыл сайын цифрлық платформа арқылы талдау және бақылау жүргізу қажет.