Балалар тісін жеке емханаларда тегін емдетуге болады.
Елімізде балалардың стоматологиялық көмекті тегін алуына заңмен кепілдік берілген. Бұл мүмкіндік МӘМС жүйесі арқылы жүзеге асады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 18 жасқа толмаған барлық бала ата-анасының сақтандыру жарнасына қарамастан тегін медициналық көмек алуға құқылы.
Айта кетейік, ата-анасы МӘМС үшін төлем жасамаса да, балаға көрсетілетін базалық стоматологиялық қызметтер сақталады.
МӘМС шеңберінде балаларға тегін ауыз қуысын толық тексеру және диагноз қою, тісжегіні емдеу, сүт тістерін жұлу, тістегі қабыну, ісіну, іріңдеу кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету, сондай-ақ ауыз қуысының қабыну ауруларын емдеу қызметі қарастырылған.
