«Халықтық Конституция үшін» коалициясының сайты іске қосылды

«Халықтық Конституция үшін» коалициясының сайты іске қосылды.

Сайт алдағы референдумға және Жаңа Конституция жобасына арналған. Ресурс Ата заңдағы өзгерістердің мазмұнымен танысуға мүмкіндік беретін, түсінікті әрі қолжетімді ақпарат алаңы ретінде әзірленді.

referendum2026.kz сайтында Негізгі заң жобасының толық мәтіні жарияланды. Сонымен қатар мұнда өзекті материалдар, сарапшылардың пікірлері және коалицияның өңірлердегі жұмысына қатысты жаңалықтар тұрақты түрде жарияланып отырады.