Көкшетау, Семей және Өскемендегі жаңа жылу орталықтарын ел үкіметі өзі салады.
Үш нысан да 2029 жылдың соңына дейін салынып бітуі тиіс. Аталған жаңа жылу электр орталықтарына Ресейден инвестиция тартылмайды. Бұл орталықтарды салуды «Самұрық-Энерго» компаниясы өз мойнына алады. Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов осылай деп мәлімдеді.
«Нақты шешім қабылданды. «Самұрық-Қазына» тапсырыс беруші болып белгіленді. Біз барлық еншілес компаниямен инвестиция туралы келісімге қол қойдық. Консорциум құрылады», – деді Энергетика вице-министрі.
