Таяу Шығыста жағдай шиеленіскеніне қарамастан, Түркия мен Иран шекарасы ашық тұр

Таяу Шығыста жағдай шиеленіскеніне қарамастан, Түркия мен Иран шекарасы ашық тұр.

Иран азаматтары бұл мүмкіндікті пайдаланып, Анкара аумағына өтіп жатыр. Ал аймақтағы АҚШ елшілігі өз қызметкерлерінің Иранмен шекаралас 22 провинцияға баруына шектеу қойды.

Түркия шекараны ашық қалдырғанымен, қауіпсіздік шараларын күшейтіп, бақылауды арттырды. Сонымен қатар, Анкара дипломатиялық арналарды іске қосып, тараптарды бейбіт диалогқа шақырып отыр. Әзірге толық келісімге қол жеткізілген жоқ.

Түркияның ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчидің айтуынша, әзірге Ираннан Түркияға жаппай көші-қон толқыны байқалмайды.