АҚШ Оман шығанағында 11 ирандық кемені жойды.
Иран өзін қорғау үшін барлық шараны қолданатынын мәлімдеді. BBC таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта аталған аймақта Иранның бірде-бір кемесі қалмаған.
АҚШ тарапы Иранды ондаған жылдар бойы халықаралық теңіз жолдарындағы кемелерге шабуыл жасап, оларды қудалады деп айыптады. Мәлімдемеде теңіздегі еркін жүзу құқығының стратегиялық маңызы ерекше аталып, АҚШ қарулы күштері бұл қағидатты қорғауды жалғастыратыны айтылды.
