Қазақстанда орташа жалақыны есептеу ережелері жаңартылып жатыр.
Жаңа жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Еңбек министрлігі талқылау 12 мамырға дейін жалғасатынын хабарлады. Жаңа ережелер еңбек демалысы ақысы мен өтемақыларды есептеу тәртібін нақтылайды.
Бұрынғыдай орташа жалақыға сүт өнімдері, диеталық тамақтану, арнайы киім және қорғаныс құралдарының құны кірмейді. Бұл өзгерістер Еңбек кодексіне сәйкестендіру мақсатында жасалып отыр.
