Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ұлттық кітап күнімен құттықтады.

«Кітап рухани және адами құндылықтардың қайнар көзі ретінде ешқашан мән-маңызын жоғалтпайды. Қазір қоғамның кітап оқу мәдениетіне, соның ішінде классикалық көркем шығармаларды немесе бүгінгі заманның өзекті мәселелеріне арналған жарияланымдарды оқуға біртіндеп қайта бет бұрып жатқаны байқалады. Жаппай цифрландыру және жасанды интеллекттің үстемдігі арта түскен уақытта оқу мәдениеті ұлт сапасының бірден-бір өлшемі ретінде халқымыздың бітім-болмысына тән айнымас қасиет болып қала беруге тиіс», – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.