Таяу Шығыстағы ахуал әуе нарығына әсер етті. Биыл жазғы маусымда әуе билеттері қымбаттауы мүмкін

Таяу Шығыстағы ахуал әуе нарығына әсер етті. Биыл жазғы маусымда әуе билеттері қымбаттауы мүмкін.

Air Astana компаниясының басшысы Ибрахим Жанлыел осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, халықаралық транзиттік жолаушылар ағыны артқан.

Ибрахим Жанлыел шығындар мәселесіне де тоқталды: «Авиациялық керосин бағасы 120 пайызға өсті. Қазақстан мұнай ресурстарына бай ел болғандықтан, қажетті отынның едәуір бөлігін ел ішінде алу мүмкіндігіміз бар. Бұл біз үшін маңызды артықшылық», – деді компания басшысы.