Бұдан былай экстремистік материалды басып шығарғандар жазаланатын болады.
Жаңа түзетулер терроризм мен экстремизмге қатысты жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Өзгерістер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізіледі.
Түзетулер «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» және «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңдармен, сондай-ақ Азаматтық процестік кодекс нормаларымен үйлестірілген. Құжатта терроризмге қарсы іс-қимыл және экстремизмнің алдын алу саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың құзыреттері де нақтыланады.
