Құрылтайға қатысты заң мақұлданды.
Бұдан былай 1 шілдеден бастап елімізде Парламент атауы Құрылтай болып өзгереді. Депутаттар Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның Конституциялық заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасының негізгі нормаларына тоқталсақ:
- Қазақстанда қос палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай енгізіледі;
- Құрылтай заң шығарушы жоғары өкілді орган мәртебесіне ие болады;
- Құрылтай 145 депутаттан тұрады;
- Депутаттар 5 жыл мерзімге сайланады;
- Құрылтай заң қабылдау, мемлекеттік органдарды қалыптастыруға қатысу және парламенттік бақылау жүргізу өкілеттіктерін атқарады.
Заң жобасын екінші оқылымға дайындау үшін Парламент палаталарының бірлескен комиссиясы құрылды.
