Құрылтайға қатысты заң мақұлданды

Құрылтайға қатысты заң мақұлданды.

Бұдан былай 1 шілдеден бастап елімізде Парламент атауы Құрылтай болып өзгереді. Депутаттар Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның Конституциялық заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасының негізгі нормаларына тоқталсақ:

  • Қазақстанда қос палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай енгізіледі;
  • Құрылтай заң шығарушы жоғары өкілді орган мәртебесіне ие болады;
  • Құрылтай 145 депутаттан тұрады;
  • Депутаттар 5 жыл мерзімге сайланады;
  • Құрылтай заң қабылдау, мемлекеттік органдарды қалыптастыруға қатысу және парламенттік бақылау жүргізу өкілеттіктерін атқарады.

Заң жобасын екінші оқылымға дайындау үшін Парламент палаталарының бірлескен комиссиясы құрылды.