Павлодарда сот балабақша тәрбиешісіне үкім шығарды. Ол 16 баланы азаптағаны үшін кінәлі деп танылды.
Айыптау тарапы тәрбиешінің 2–2,5 жасар балаларды ұрып-соққанын дәлелдеді. Сот балабақша тәрбиешісіне 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазаны өтеу кейінге қалдырылды.
Сонымен қатар балаларды азаптаған әйел 3 жылға педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
