Алматыдағы Көкжайлау аумағында коттедждер мен виллалар салуға болмайды.
Көкжайлау Іле Алатауы ұлттық паркінің құрамында қалады және ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін сақтайды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.
Оның айтуынша, Almaty Superski жобасы жеке курорт ретінде емес, қоғамдық инфрақұрылым ретінде дамиды.
