Мұғалімдердің аттестациясына қойылатын талаптар жеңілдеді.
Енді педагогтерге мақала жазу міндетті емес. Бұрынғыдай әдістемелік немесе авторлық бағдарлама әзірлеу талабы да алынып тасталды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
Ашық сабақ өткізу нормасы қысқартылды: жылына 25 сабақтың орнына небәрі 3–4 сабақ жеткілікті. Министрдің айтуынша, басты назар мұғалімнің күнделікті сабақ беру сапасына аударылады.
Тест жүйесі де өзгерді. Бұған дейін қосымша білім беру педагогтерінің 80 пайызы алғашқы кезеңнен өте алмаған. Сараптау нәтижесінде тест сұрақтарының артық жүктеме тудыратыны анықталып, бұл талап алынып тасталды.
