Елімізде жазғы демалыс пен мектеп каникулы кезеңінде қосымша пойыздар мен әуе рейстері іске қосылады

Елімізде жазғы демалыс пен мектеп каникулы кезеңінде қосымша пойыздар мен әуе рейстері іске қосылады.

Сұранысқа ие туристік бағыттар бойынша 16 маусымнан бастап 15 қосымша маршрут ашылады. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Қызылорда және Павлодардан Достық пен Балқашқа пойыздар қатынайды. Жазғы кезеңде шамамен 550 мың қосымша орын ұсынылады. Пойыз құрамдары орта есеппен 19–21 вагонға дейін ұлғаяды.

✈️ Әуе тасымалы бойынша маусым–тамыз айларында Астана мен Алматыдан Балқаш, Үржар және Үшаралға аптасына 7 рейске дейін қосымша бағыт ашылады. Билеттер құны 16–20 мың теңге аралығында әлеуметтік қолжетімді деңгейде сақталады.